Қазақстанда жекеменшік түрмелер салынбайды

Қазақстанның Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы бүгін өткен брифингте сөйлеген сөзінде елімізде жекеменшік түрмелер салыну жоспарланып отырған жоқ хабарлады.

«Жекеменшік түрмелерге қатысты айтып өтейін, Қазақстанда жекеменшік түрмелерді жоспарда жоқ және талқыланбайды», — деді ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа түзеу мекемелерін салу жоспарланып отырғанын еске салды.

«Қаражаттың негізгі бөлігі инвесторлардан түседі, ішінара мемлекет қаржыландыратын болады. Содан кейін инвестор 70 жыл ішінде өз шығындарын бюджеттен өтейтін болады», — деп түсіндірді Ешмағамбетов.

Добавить комментарий