Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы 20%-ға қымбаттады

Қазақстанда жаңа құрылыстардағы тұрғын үй бағасы шамамен 20%-ға қымбаттады. Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) хабарлады.

«Бір жылда Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы 2022 жылғы маусымда 19,5%-ға өсті», — деп хабарладйы СЖРА ҰСБ.

Бір жылда (2022 жылғы маусым мен 2021 жылғы маусымға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты.

Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өсті –27,9%-ға. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласы  (48,3%).

Добавить комментарий