Қазақстанда жаңа экономикалық аймақ құрылады

Қазақстанда 28,5 гектар аумақты құрайтын арнайы экономикалық аймақ құрылады деп жоспарлануда.

«2046 жылға дейін «Kokshe» АЭА құрылсын», — делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Атап өтілгендей, Kokshe АЭА мынада мақсатта құрылады:

1) Келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға, Бурабай ауданында қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыруға қабілетті қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды жедел дамыту;

2) Қолайлы инвестициялық ахуал жасау, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, елдің туристік саласына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ Бурабай ауданы мен Ақмола облысының әлеуметтік проблемаларын шешу, оның ішінде Бурабай ауданы мен Ақмола облысы халқының жұмыспен қамтылуын және өмір сүру деңгейін арттыру;

3) Щучье – Бурабай курорттық аймағын дамытуға жәрдемдесу мақсаттарында құрылады.

«Kokshe» АЭА аумағындағы негізгі қызмет түрлері:

1) туристерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру мынадай шарттар сақталған кезде: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;

2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мұражайлар, спорт кешендері, аквапарктер, ойын-сауық аттракциондарын салу және пайдалануға беру;

4) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы;

5) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;

6) жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару.

7) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет.

Нысаналы индикаторларға сәйкес, 2022 жылы АЭА-ға — T7,7 млрд, 2023 жылы — T41,3 млрд, 2024 жылы — T84 млрд, 2025 жылы — T87,4 млрд және 2026 жылы — T90,4 млрд инвестиция тарту жоспарлануда.

«Республикалық бюджет есебінен Kokshe АЭА қажетті инфрақұрылымын құру үшін күтілетін салым T7 025,2 млн теңгені құрайды», — делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Добавить комментарий