Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік тұлғаларға көлік жүргізу куәлігін бастапқы рет алу және қайта алу (ауыстыру) тәртібі туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті түсіндірді.
Біріншіден, жүргізуші куәлігін бастапқы рет алу немесе ауыстыру үшін келесі көрсетілетін қызметті алушы (кандидат) жақын жерде орналасқан Маманддырылған ХҚКО бөліміне жүгінуі тиіс.
Мерзімі жарамды қолданыстағы жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда жүргізуші куәлігінің түпнұсқасы немесе паспорты, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлегенін растайтын құжат ұсынылу қажет.
Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда жеке куәлік (паспорт) пен №086 нысанды медициналық анықтаманың түпнұсқасы ұсынылады.
Елордалық ПД жүргізуші куәлігін алу үшін 1,25 АЕК мөлшерінде баж салығын төлеу қажет деп атап өтті, ол бүгінгі күні 3646 теңгені құрап отыр. Жоғарыда көрсетілген жағдайларда теориялық және практикалық емтихан тапсыру талап етілмейді.
Баспасөз қызметі сондай-ақ Халықаралық жүргізуші куәлігі теориялық және практикалық емтихан тапсырмастан 3 жылға беріледі, алайда ол ұлттық жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс леп түсіндірді. Халықаралық жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда жүргізуші куәлігін ауыстыратын адам жоғарыда көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ шетелдік жүргізуші куәлігін уақытша сақтауға ұсынады.
Жүргізуші куәлігін бірінші рет алған кезде немесе қосымша санат алған кезде теориялық және практикалық емтихан тапсырылады, сондай-ақ оқу курсын аяқтағаны жөніндегі куәлік пен оның көшірмесі (өздігінен дайындалу жағдайын қоспағанда) қосымша ұсынылады.
«А», «А1» «В» «В1» санаттары бойынша өздігінен дайыналуға жол беріледі.
Сонымен қатар теориялық емтиханды көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткенннен кейін жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстырғанда ұсынылатын құжаттар тізбесін ұсынған кезде қайта тапсыру көзделген.
Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты – 90 минут.