Қазақстанда үздік жедел уәкілді анықтауға байқау аяқталды. Жеңімпаз марапатталды.
Үш күнге созылған байқау ҚР ІІМ Алматы академиясында өтті.
Павлодар облысының ПД аға жедел өкілі, полиция капитаны Айбек Алқамбек ең үздік жедел әкіл аталды.
Сайысқа әр өңірден келген 20 полицей қатысты — олар ұстау операциясына қатысып, құқық бұзушылықтар мен қылмыскерлердің жеке басын анықтайды, тергеу жүргізіп, әрдайым қауіпті жерде жүреді. Үш күнге созылған конкурста еліміздің түкпір-түкпірінен келген жедел уәкілдер өз ісінің үздігі атағын жеңіп алу үшін өз білімдері мен біліктіліктерін сынға салды. Жарысқа қатысушылар дене шынықтыру мен қару атудан, орындаушылық тәртіп пен логикалық ойлаудан өз шеберліктерін дәлелдеді. Байқау жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов қатысты.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның жедел қызметі жұмысының ерекше маңыздылығын атап өтті. Қазір біздің алдымыздағы міндет – азаматтардың Конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша барлық мүмкін болатын шараларды қабылдау. Сіздер әрдайым қылмыскермен бетпе-бет кездесесіздер, құқық бұзушылықтарға қарсы тұруға үлкен үлес қосасыздар. Бүгін сіздер еліміздің криминалдық полициясының үздік қызметкері атағы үшін сайысқа түсіп жатырсыздар», — деді Ержан Сәденов.