Қазақстанда өзбекстандық көліктің сатылымы артып келеді

Қазақстанда Өзбекстанда шығарылған автокөліктерді сату көлемі едәуір өсті.

Сату өсімі ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 4697 пайызды құрады. Танымалдылығы бойынша олар Hyundai мен Toyota-ны басып озды

Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығы хабарлады.

Қазақстанда ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Өзбекстанда шығарылған 8923 автокөлік сатылды, ал өткен жылы дәл осы уақытта — барлығы 186 сатылған болатын.

Сәуір айында өзбекстандық көліктер сатылымда алғашқы үштікте болды. Осылайша, 1355 дана Cobalt және 1003 дана Nexia сатылды.

Одан кейінгі орындарда Hyundai Accent (986), Hyundai Santa Fe (619), Kia Rio (569), Toyota Camry (446), Hyundai Creta (333), Toyota RAV4 (316), Volkswagen Polo (271), Hyundai Elantra (245) тұр.

Добавить комментарий