Қазақстанда қызылша бағасы қымбаттады

Қазақстан шетелден 10 мың тонна қызылша сатып алды.

Қаңтар айында қызылшаның бір келісінің орташа бағасы 242 теңгені құрады. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 1,9%-ға қымбат.

Жалпы, 2022 жылы Қазақстанда 193 мың тонна асханалық қызылшасы өндірілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.

Қызылшаның ең қымбат бағасы Қонаев қаласында, онда орташа баға 308 теңге. Астанада орташа баға 286 теңге, Алматыда қызылша килограмы орта есеппен 274 теңге, Петропавлда 243 теңге.

Қызылшаның ең арзан бағасы Ақтөбеде — 182 теңге.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 193 мың тонна асханалық қызылша өндірілді. 2021 жылы 200 тоннаға артық өнім өндірілді. 1000 тоннадан астам қызылша экспортталса, ал өткен жылы 10,4 мың тоннаны импорттады. Ішкі нарықта өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 202,7 мың тонна қызылша сатылды.

Добавить комментарий