Қазақстанда қызыл және сары аймақтар пайда болады

Қазақстанда төрт аймақ коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрғысынан ресми түрде қолайсыз деп танылды.

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елдің төрт аймағында коронавирустың таралуы бойынша қолайсыз жағдай туындап отыр.

Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» енді (соңғы тәулікте өсім 226 жағдайды құрады)

Павлодар (тәулігіне 40 жағдай), Солтүстік Қазақстан (тәулігіне +34) және Ақмола облыстары — «сары аймақта» (тәулігіне +28).

Қазақстанның барлық өңірлері үш аймаққа бөлінді: қызыл, сары және жасыл аймақ. Аймақтар бойынша өңірлердің бөлінуі екі көрсеткішпен байланысты — бұл R көрсеткіші. Яғни, инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болған адамға жұғу көрсеткіші, жұқтырғандар саны. Екінші көрсеткіш — соңғы 7 күнде 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші. «Сары аймаққа» жатқызылған өңірлерде коронавируспен сырқаттану 100 мың адамға шаққанда 25-тен 50-ге дейін, R бірліктен көп.

«Қызыл аймаққа» 100 мың тұрғынға шаққанда 50-ден астам жағдай келетін елді-мекендер кіреді, R бірліктен көп. «Жасыл аймаққа» — 100 мың адамға шаққанда 50 жағдайдан азы енеді, R бірліктен аз.

Добавить комментарий