Өткен айда Қазақстанда инфляция 0,4%-ды құрады. Мұндай деректі Қазақстанның Ұлттық статистика комитеті келтіреді.
Қазақстанда 2021 жылғы қыркүйекте инфляция тамыз айымен салыстырғанда 0,4%-ды, 2020 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда — 8,9%-ды құрады, бұл Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің (СЖРА) ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) хабарламасында айтылған.
«Бағаның өсуі құс етіне – 2,3%, қарақұмық жармасына – 1,7%, сиыр етіне – 1,6%, жылқы етіне – 1,4%, қаймаққа – 1,2%, пастерленген сүтке, айранға, сүзбеге, құмшекер қантқа – 1,1%-дан, макарон өнімдеріне – 1%, сары майға, нанға – 0,9%-дан, ұнға – 0,8%, кондитерлік өнімдерге – 0,7%, күнбағыс майына, ірімшікке, шошқа етіне 0,6-% дан белгіленді. Темекі өнімдері 0,5% қымбаттады», — делінген жұма күні жарияланған статистикалық бюроның сайтында.
Бағаның төмендеуі картопқа – 9,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 8,7%, жаңа жиналған жемістерге 2,4% тіркелді.
2021 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларына баға 0,1%, азық-түлік емес тауарларына — 0,6%, ақылы қызметтерге — 0,7% жоғарылады.