Қазақстанда қымыз өндірісі 2023 жылы 2463 тоннаға дейін ұлғайды, 2022 жылы қымыз өндірісі 2227 тонна болған еді, өсім шамамен 11%-ды құрайды. Сонымен қатар шұбат өндірісі 61 тоннаға қысқарып, 3003 тоннаға жетті, ол 2%-ға кеміді.
Қымыз және шұбат — бие және түйе сүтінен өндірілетін сүт өнімдері. Шұбат тез дайындалады, бірақ тез бұзылады, оны Қазақстаннан басқа елдерде көп тұтына бермейді. Екі сусынның емдік қасиеті бар.
Қымыз Орталық Азия елдерінде,атап айтқанда Ресей, Қырғызстан және Моңғолия секілді елдерде кеңінен таралған, ал шұбат Қазақстанның батысында сүйікті сусын болып есептеледі, ал Түркіменстанда оны чал деп атайды.