Қазақстандағы жағдай Мәскеуге ұстанымын нығайтуға мүмкіндік берді

Қазақстанда жаңа жылдың алғашқы күндерінде наразылық шарасы өтіп, ол тәртіпсіздіктерге ұласып, әскерилермен қақтығысты. 30 жыл бұрын құрылған, бірақ әлі күнге дейін бұрынғы Кеңес одағы елдерінің аумағындағы қақтығыстарға қатыспаған ҰҚШҰ ұйымы өз әскерін Орталық Азия еліне жібергеннен кейін, шиеленіскен жағдайды шешті. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда, терроризмге қарсы операция режимін алып тастау туралы шешім қабылданды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының елдегі бітімгершілік операциясы басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң аяқталды.

Ресей мен Орталық Азия елдері үшін қалыптасқан жағдайдың салдары қандай болуы мүмкін?

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының елдегі бітімгершілік операциясы басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң аяқталды.

Ресейлік саясаткерлер мен сарапшылар Ресей посткеңестік кеңістіктегі ықпалын сақтап қалуы керек деп бірнеше мәрте ашық мәлімдеген болатын. РФ үстемдік ететін алатын ҰҚШҰ құрылымы аймақтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. ҰҚШҰ қажеттілігі туралы әңгімелерден бөлек, қазірдің өзінде Қазақстанда болған оқиғаларды бұрмалауда.

БАҚ беттерінде ауқымды ақпараттық соғыс басталды. Мәселен, Қазақстанның Ресейге қосылуы немесе Қазақстанда билік басын орыс ұлт өкілдеріне беру мәселесі қозғалды.

Саясаттанушылардың айтуынша, ҰҚШҰ-ның көмегімен Ресей посткеңестік кеңістіктегі ықпалын арттыруға тырысады. Аталған ұйым арқылы РФ өңірдегі жағдайға ықпал ете алады, сондай-ақ өз позициясын нығайтып, ықпалын кеңейтеді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының елдегі бітімгершілік операциясы басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң аяқталды.

Айта кету керек, Ресей өкілдері Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға байланысты Өзбекстан ҰҚШҰ құрамына қайта оралуы керек деп алға тартуда. Мемлекеттік Думаның Еуразиялық интеграция істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников атап өткендей: «Өзбекстан кезінде ҰҚШҰ-дан шығып кетті, бірақ қайта кірсе болады. Енді олар ешкімге үміт арта алмайтынын көріп, қайта оралады деп ойлаймын»

Ресейдің Батыс елдерімен геосаяси алаңда қақтығысып жатқандықтан, әлемдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Кремль үшін аймақтағы ықпалын сақтап, өз позициясын нығайту өте маңызды.

Добавить комментарий