Қазақстандағы әуежай Әлия Молдағұлованың құрметімен аталды

Ақтөбе әуежайында аты аңызға айналған мерген Әлия Молдағұлованың құрметіне мемориал ашылды

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілген Ақтөбе әуежайына биіктігі 247 см болатын мемориалдық бюст орнатылды.

Мүсіннің авторы танымал ақтөбелік мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

«Әлия Молдағұлова — күллі қазақ елінің мақтанышы. Аты аңызға айналған жерлесіміздің өмірі мен ерлігі — бізге, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Біз де сол сияқты туған жерімізді жақсы көріп, қорғауымыз керек. Үкімет қаулысымен Ақтөбе халықаралық әуежайына Кеңес Одағы батырының есімі берілді», — деп атап өтті Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Әлия Молдағұлова — лия Молдағұлова Ұлы Отан соғысы жылдары екінші Балтық жағалауы майданының 22-ші армиясына қарасты 54-ші атқыштар бригадасы құрамында соғысқан, аты аңызға айналған мерген, ефрейтор. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры медалімен марапатталды.

Отбасымен бірге Ленинградтан эвакуацияланған Әлия Молдағұлова майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1942 жылы Мәскеу түбіндегі Вешняки ауылындағы мергендер даярлайтын мектепке түседі.

1943 жылғы 23 ақпанда топтың курсанттары әскери ант қабылдайды, ал 1943 жылдың шілдесінде Әлия курстастарымен бірге 54-ші арнайы атқыштар бригадасына (22-ші армия) мерген болып жіберілді.

1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысы Новосокольникск ауданы Казачиха ауылына кескіліскен шайқас кезінде қаза тапты. Мерген Молдағұлова жаудың 78 сарбазы мен офицердің көзін жойды.

Әлия Молдағұлова 10 жасынан бастап өмір сүрген Санкт-Петербург қаласында батыр қыздың құрметіне ескерткіш орнатылды.

Добавить комментарий