Әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар Қазақстан мәдениеті мен табиғатына қызығушылық танытып келеді, елге келген шетелдік туристер санының айтарлықтай өсті. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, былтырмен салыстырғанда Қазақстанға келген шетелдік азаматтар саны үш есеге артқан.
1 маусым мен 23 шілде аралығында еліміздің қонақ үйлерінде 250 468 шетел азаматы тоқтаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 еседен артық, былтыр осы кезеңде 77 645 шетелдік туристер отандық қонақ үйлерде демалған.
Қазақстанның көрікті жерлерін көруге ТМД елдерінен келген қонақтар саны 180 мың адамды немесе туристердің жалпы санының 72%-ын құрап отыр. Былтырмен салыстырғанда дәл осы көрсеткіштің үлесі 77% құраған, мұндай көрсеткіш елдің танымалдылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Яғни, алыс шетелден келген туристердің үлесі артып отыр. Мәселен, Моңғолия – 11,6 есе (489-дан 5 683-ке дейін) Қытай – 8,5 есе (2 223/ 18 954), Үндістан – 4,7 есе (1 245/5 887), Оңтүстік Корея – 3,8 есе (939/3 585), Иран – 3,8 есе (237/897), Германия – 3 есе (1 659/5 054), АҚШ – 2,2 есе (1 237/2 761) өсті.
Туризмнің өсімі Қазақстанның тартымдылығы артқанын көрсетеді және ел әлемнің әр түкпірінен келушілер үшін өз мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруға үмітті.
Туристер үшін ең танымал қала — Алматы. 1 маусым мен 23 шілде аралығында еліміздің оңтүстік астанасына 77 308 турист келді, деп хабарлады Мәдениет министрлігі.
Екінші орында — Астана, ол жерге 38 463 турист келді.
Туристер арасында Алматы облысы (19 049 турист) мен Маңғыстау облысы (15 062 турист) танымал.