Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 жағдайы тіркелгенін хабарлады.
Коронавирус жұқтырған науқастар Қарағанды облысында, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында анықталды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Нұр Сұлтан қаласында — 2,
Алматы қаласында — 4,
Қарағанды облысында — 1.
Елімізде барлығы 1 305 874 жағдай расталды.
Коронавирустық инфекциядан 8 адам жазылып шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында — 6,
Алматы қаласында — 2.
Елімізде COVID-19-дан барлығы 1 292 097 адам жазылды.