22 наурыздағы жағдай бойынша, 1 772 адам коронавирус инфекциясынан (-1 602+ және 170 КВИ-) емделуде, оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 632 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте коронавирустың 34 жаңа жағдайы тіркелді.