Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған қанша адам анықталғанын хабарлады.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың 40 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бір тәулік бұрын елімізде 63 жаңа жағдай тіркелген еді.
20 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 664 адам коронавирус инфекциясынан (–1 489+ және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 552 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 4 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.