ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте республикада коронавирустың 219 жаңа жағдайы тіркелді.
Бір тәулік бұрын ауру жұқтырған 175 адам анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 447 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Елімізде 2020 жылдғы наурыздан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 398 061 жағдайы расталды.