Қазақстандағы коронавирус жағдайы: 10 мамыр

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың төрт жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 10 мамыр күнгі статистиканы жариялады. Еліміздің үш өңірінде ауруға шалдыққан науқастар анықталды.

Өткен тәулікте ҚР-да аурудың төрт жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда — 1,

Алматыда — 2,

Жамбыл облысында — 1.

Елімізде барлығы 1 305 603 жағдай расталды.

КВИ-ден жазылып шыққандар туралы дерек

Коронавирустық инфекциядан бес адам жазылып шықты, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда — 1,

Алматыда — 4.

Добавить комментарий