Қазақстандағы яесейлік банктердің есепшоттарында 9,2 млрд теңге бұғатталған

Қазақстан аумағындағы ресейлік еншілес банктердің 9,2 млрд теңге болатын есепшоттары бұғатталды.

Сондай-ақ, шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ және «Альфа-Банк» АҚ-нің кейбір клиенттерінің валюталық төлемдерін бұғаттаны хабарланды.

Адамдар аталған банктерді қазақстандық қаржы мекемелері ресейлік иелерінен сатып алғаны туралы ақпаратқа байланысты өз активтерін шығарып, есешоттарын жаппаған. Неге банктердің жаңа иелері шара қабылдап, салымшылардың ақшасы мен клиенттердің есепшоттарын қорғап қалмады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова: «Санкциялық талаптар аясында жекелеген шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ және «ВТБ (Қазақстан) банкі» АҚ-ның шетел валютасындағы корреспонденттік шоттары бұғатталған. Осының салдарынан банктердің есепшоттарындағы 9,2 млрд теңге («Сбербанк» АҚ ЕБ бойынша — 2,7 млрд теңге, «Альфа-Банк» АҚ ДБ бойынша — 6,2 млрд теңге — «ВТБ Банкі (Қазақстан)» АҚ бойынша — 0,3 млрд теңге) қалдықтарға шектеу қойылды», — деп хабарлады қаржы реттеушісі.

Сонымен қатар, шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ-ның жекелеген клиенттері бойынша шетел валютасындағы төлемдерді бұғаттады.

Бұдан басқа, шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ-ның жекелеген клиенттері бойынша 2,9 млрд теңге шетел валютасындағы төлемдерді бұғаттады. «Альфа-Банк» АҚ ЕБ клиенттері бойынша 3,9 млрд теңгеге жеке клиенттер бойынша шетел валютасындағы төлемдер мен аударымдарға шектеу қойылды.

«Қазіргі уақытта банктің жаңа акционері «Банк ЦентрКредит» АҚ банкті АҚШ-тың және басқа да бірқатар елдердің санкциялық тізімінен шығару бойынша жұмыс жүргізуде. «ВТБ (Қазақстан) Банкі» АҚ клиенттерінің төлем және аударым операциялары шеңберінде қаражатты бұғаттау не оқшаулау фактілері жоқ», — делінген жауапта.

Неліктен мұндай жағдайға жол бермеу үшін бұрын осындай шаралар қабылданбаған. Шетелдік банктерге жаңа қожайындар келгені туралы хабардар етілді ме, жоқ па?

Клиенттер басқа банктер арқылы бұғатталған қаражатты қайтара алады, деді агентство басшысы.

Добавить комментарий