Қазақстандағы ірі қаржы пирамидасы: іс сотқа жолданды

Қазақстанда ең ірі қаржы пирамидасын ұйымдастыру және оның қызметіне қатысты тергеу амалдары аяқталды.

Бұл туралы брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлімдеді.

ІІМ тергеу-жедел тобы Қазақстанның тәуелсіздігі тарихындағы ең ірі «КУЭСТРА УОРЛД» қаржылық пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», — деп хабарлады Ораз.

Оның айтуынша, тергеу барысында 2016 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың маусым айына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында «КУЭСТРА УОРЛД» қаржы пирамидасын құрғандығы және оның құрамына қазақстандықтар тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталды.

Оның айтуынша, пирамида басшылары салынған соманың 336%-на дейінгі табыстылыққа кепілдік бере отырып, салымшыларға виртуалды валютаны арқылы құны 90-нан 500 мың еуроға дейінгі жалған инвестициялық портфельдерді сатып алуды ұсынған.

Бұл ретте тартылған қаражат бір қатысушыны жаңа салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, өзара қайта бөлінді. Қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматтары тартылды. Келтірілген материалдық шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты. Қылмыстық іс бойынша төрт адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бұрын Беларусьтен экстрадицияланған Ресей Федерациясының азаматы да бар, — деп атап өтті Нұрділда Ораз.

Добавить комментарий