2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 мың шетел азаматы еңбек етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, еңбек мигранттары келетін негізгі елдер Қытай, Үндістан, Түркия және Өзбекстан.
Есепке сәйкес, Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібі және экономиканың басқа да салаларында жұмыс істейді.
Еңбек министрлігі жыл сайын шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді, ал 2023 жылы бұл квота елдегі жұмыс күші санына қатысты 0,24% болды.
Сондай-ақ, үкімет қаулысына сәйкес, Қазақстанда еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат талап етілмейтін тұлғалардың тізбесі бекітілді.