Алматыдағы және еліміздің өзге қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль уақытша сатылмайды.
«Ресей Федерациясында доллар бағамының күрт өсуіне байланысты және KASE-де сағат 15:00-ге дейін сауда-саттықтың тоқтатылуына байланысты ақша айырбастау пункттері қолма-қол ақша нарығындағы бағамның қалай қалыптасатыны айқындалғанша жұмысын тоқтатты», — деп хабарлады Айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев.
Таңертеңгісін Ұлттық банк пен KASE доллар/теңге валюта жұбымен сауда-саттық регламентін өзгерту туралы жариялады.
Бұған дейін ақша айырбастау орындарынан долларды орташа есеппен 472-473 теңгеден сатып алып, 476-478 теңгеден сатқан. Еуроны 524-528 теңгеден сатып алып, 528-531 теңгеден сатқан. Рубльді 5-5,3 теңгеден сатып алып, 5,5-5,7 теңгеге сатқан.
Сәуір айында жеткізілетін Brent мұнай бағасы ICE биржасында барреліне 101,7 долларды құрайды.