Павлодар облысында электр энергиясы үшін 600 мың теңге көлеміндегі қарызы бар отбасы жарықтан ажыратылды. Бұл жағдай депутаттар мен полицейлер жүргізген рейдтік жұмыстар кезінде белгілі болды.
Бастапқыда 9 жастағы оқушы қыздың тұрмыс жағдайын тексеруге келген. Сол кезде олар 10 жыл бойы жарықсыз өмір сүріп келгені белгілі болды.
Павлодар ауылының әкімі көмектеспек болғанын айтты. Энергетикалық компаниямен қарызды бөліп төлеуге келіскен, бірақ үй иесі келісімге келмеді. Партиялықтар аталған мәселені өз күшімен шешті. Олар тапқан демеуші қарызын толық көлемде өтеп беруге келіскен.
«AMANAT партиясының партиялық бақылау комитеті қалалық филиалдың депутаттық фракциясы аталған мәселені өз бақылауына алды. Бірнеше күннің ішінде ғана мәселе шешілді. Қарыз көлемі өсімпұлд қосқанда шамамен 600 мың болған. Бүгінгі таңда қарыз толық өтелді», — деді AMANAT партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы Санира Жүсіпова.
Отбасы бақылауға алынды. Олардың 9 жастағы оқушы қызы болғандықтар, жиі келіп тексеріп тұрады.