Гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, бүгін Қазақстанның көптеген облыстарында дауыл күтіледі.
10 мамыр күні Нұр-Сұлтанда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан түнде кей жерлерде 15-20 м/с соғады, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.
Көкшетауда күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
10 мамырда түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. 10 мамыр күні Алматы мен Талдықорғанда күн күркірейді деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
10 мамырда түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. 10 мамырда кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. 10-11 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. 10-11 мамырда кей жерлерде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Таразда 10 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауады. 10-11 мамырда кей жерлерде тұман болады. 10 мамырда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанайда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
10 мамырда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтауда 10 мамырда күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Петропавлда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Түркістан облысында кей жерлерде найзағай болжанып отыр, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Шымкентте 10 мамырда түнде күн күркірейді.