Қазақстандағы АЭС құрылысы: РФ-ның ұсынысы қабылдауға тұрарлық па

Қазақстанда атом электр станциясын салу алғаш рет 90-шы жылдардың ортасында айтыла бастаған. Бұл идеяны 1997 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Владимир Школьник көтерді. Сол сәтте бұл мәселе шешімін таппай, қызу талқыға түсіп қана қойған. Бұған бірнеше себеп бар: бiрiншi — экономикалық, АЭС құрылысы және салынып біткеннен кейін қызмет көрсету. Екіншісі — Семей полигонындағы ядролық сынақтардың қазақстандықтардың денсаулығына тигізетін зардаптарына алға тартып отырған ҚР-дағы экологиялық қоғамдастықтың наразылығы.

АЭС құрылысы туралы әңгіме 2000-шы жылдары қайта көтерілді. Бірақ 2016 жылы қазақстандық билік жобаны жүзеге асырудан бас тартып, ҚР-ның электр қуатының профициті бар деп, кем дегенде 7 жылға кейінге қалдырды. Уақыт көрсеткендей, бұл әңгіме әлі де саябырсымады.

«Мәселе ҚР-ның АЭС салуға қаражат тапқанында немесе қазақ халқының пікірі өзгергенінде емес. Бұл Қазақстанның солтүстігіндегі көршісі — Ресей қазақ жерінде АЭС салу мәселесіне білек сыбана кіріскен», — деп жазады батыстың саяси сарапшылары.

Осылайша, соңғы үш жылда Орталық Азия мемлекетінде атом электр станциясын салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Тіпті бұл мәселе жоғары деңгейде де жиі талқыланып жатыр.

Ресей президенті Владимир Путиннің 2019 жылы ҚР президенті Қасым Жомарт-Тоқаевпен кездесу барысында Қазақстан аумағында ресейлік технологияларды бойынша АЭС тұрғызуды ұсынуы дүйім қазақ жұртының алаңдаушылын тудырды.

Фото: Батыс сарапшылары Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Сол кезде Қазақстан президенті Путиннің ұсынысын қабылдамады, себебі бұл ұсыныс Қазақстанда қатаң сынға ұшырады. Қазақ халқы жобаның қауіпсіздігіне және экологиялық тазалығынан қатысты алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың басында РФ-ның Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы аталмыш жобаны жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Бородавкин Ресей тарапы станцияның қауіпсіздігі мен оның экологиялық тазалығына кепілдік беретінін айтты.

Бұл жобаға баса мән беріп қараған жөн, сонда ғана халықтың тек экологиялық қауіпсіздігі алаңдатпайтыны түсінікті болады. Айта кетерлігі, 1986 жылғы Чернобылдағы және 2011 жылғы Фукусима-1 АЭС-тегі апаттан кейін дүйім жұрт мұндай станциялардың салынуына қорқынышпен қарайды.

Фото: Батыс сарапшылары Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Батыс сарапшыларының айтуынша, Ресейдің атом электр станцияларын салудың саяси астары бар.

«Ядролық ынтымақтастық Ресейдің Қазақстандағы позициясын одан әрі нығайтуға және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі ықпалын кеңейтуге таптырмас құралдардың бірі болып табылады. Мәскеу АЭС-ті басқаруды өз қолына алуы мүмкін, атап айтқанда, жөндеу және қызмет көрсету, сондай-ақ ресейлік компоненттерді жеткізу және мамандарды даярлау», — деп жазады батыс сарапшылар.

Добавить комментарий