Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде ресейлік рубль 8-8,4 теңгеден саудалануда.
29 маусымда KASE-те рубльмен мәмілелер жасалған жоқ, бұл ретте сұраныс бағасы 8,75 теңге, ұсыныстар — 9,35 теңге болды.
kurs.kz мәліметінше, Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде рубльді 7,6-7,8 теңгеден сатып алып, 8-8,4 теңгеден сатуда. Ол кешегі ақша айырбастау орындары белгілеген бағамнан жоғары. Елордадағы ақша айырбастау пункттерінде рубльді 7,8-7,9 теңгеден сатады.
29 маусымда Ұлттық банк белгілеген рубльдің ресми бағамы 8,61 теңгені құрады.