Қазақстандық дүкендер мен базарлардың сөрелерінде қауіпті ойыншықтары сатылып келген.
Зерттеу үшін іріктелген үлгілерде фенол — тыныс алу кезінде жүйке жүйесі функцияларының бұзылуына әкелетін улы зат табылды.
Солтүстік Қазақстан облысының дүкендеріннен жүзден астам қауіпті ойыншықтар жойылды.
Фенол балалардың дем ала алмай, көздері қызаруы мүмкін.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов ойыншықтарда зерттеу кезінде фенол концентрациясының 13 есе артқанын атап өтті:
«Улы зат баланың көзінің қызаруы, ауыз бен мұрын шырышты қабығының қабынуына алып келеді. Ұзақ уақыт ойнаса олар дем ала алмай немесе денесі көгеріп қалуы мүмкін. Бала ашушаң әрі қызба мінезді болып кетеді», — деп мәлімдеді ол.
Оспанов сатып алу алдында ойыншықты иіскеп көру керек деп кеңес береді.
«Егер ол улы болса, онда ол бу шығарады және сіз оны сезесіз. Құрамында фенол болса, белгілі бір уақыттан кейін де жағымды тәтті иіс шығарады», — деп қосты Оспанов.
Сондай-ақ мамандар ойыншықты мұқият тексеруді ұсынады. Тауардың толық сипаттамасы болуы керек. Егер зиянды заттар нормадан сәл ғана асып кетсе де улануға әкеп соғуы мүмкін. Ата-аналарға сатушылардан өнімнің сертификатын талап етуге кеңес берді.
Аталып өтілгендей, аталған жайт өзгеріссіз қалып отыр — қазақстандық балалар жылдан жылға улы ойыншықтармен ойнап келеді, тауар ағынын бақылауды қолға алу мүмкін болмай барады.
Сондықтан Еуразиялық экономикалық комиссия эксперимент жүргізуді ұсынды. 1 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінде шетелдік онлайн-сатушылар ойыншықтардың қауіпсіздігін құжатпен растауы тиіс.
Егер мұндай анықтама болмаса, тауар сатуға рұқсат берілмейді.
Қауіпті ойыншықтар көбінесе Қытайдан әкелінеді.