Қазақстанда тыйым салынған діни ағымның өкілдері ұсталды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан аумағында тыйым салынған исламдық діни-мистикалық сектаның төрт мүшесі ұсталды.

2020 жылдың он төртінші қыркүйегінде Орал станциясындағы Желілік полиция бөліміне «Орал — Алматы» жолаушылар пойызымен Орал станциясынан «Ата жолы» тіркелмеген қоғамдастығында тұратын бір топ адам кетіп бара жатқаны туралы жасырын хабарлама келіп түсті.

Келіп түскен ақпаратты тексеру барысында көлік полицейлері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша Дін істері басқармасының өкілдерімен бірлесіп Орал қаласының 41-50 жас аралығындағы төрт тұрғынын анықтап, ұстады.

«Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК 9-бабы 10-тармағы және 489-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. (Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметін қаржыландырғаны үшін) және 50 және 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», — деді көліктегі ЖПД бастығы Оңал Бекиев.

«Ата-Жолы» діни ұйымы қызметіне 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ресми түрде тыйым салынған. Алайда,салынған тыйымға қарамастан, бұл ұйым әртүрлі жамылғымен өз қызметін жалғастырып келеді.

«Азаматтардан қырағы болуларын, жалған діни ағымдардың алдап-арбауына түсіп қалмауын сұраймыз», — деп қорытындылады полиция полковнигі.

Добавить комментарий