Аталған коалицияның құрылатыны туралы бейсенбі күні Amanat партиясының кезектен тыс съезі барысында партия төрағасы, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді.
«Біз осы саяси бірлестіктермен бірігіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында халықтық коалиция құру туралы келісімге келдік. Түстен кейін Мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді, барлығымыз қатысамыз», — деді Қошанов.
Естеріңізге сала кетейік! Қазақстанда «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2022 жылғы 21 қыркүйектегі Жарлығының негізінде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіледі, онда мыналар көзделеді:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
-
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
-
Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
-
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
-
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.