Қазақстанда өткен тәулікте 24 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 24 өлім жағдайы тіркелді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған соңғы статистикалық деректер осындай.

24 сәуірдегі мәлімет бойынша, бір тәулікте коронавирустан 20 қазақстандық қайтыс болды, олардың жетеуі — Нұр-Сұлтанда. COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 науқас қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 2 716 жағдайы анықталды.

26 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 549 адам КВИ-ден (42 100 КВИ+ және 449 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 273 пациент стационарда, 27 276 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

769 адамның жағдайы ауыр;

179 пациенттің жағдайы өте ауыр;

113 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Добавить комментарий