Темекі өнімдерін өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында келесі айдың басынан бастап елімізде темекі сатудың жаңа ережелері енгізіледі.
Цифрлық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңі шеңберінде темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары күшіне енеді, оларға сәйкес ол міндетті таңбалануға жатады.
«2020 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерінің кез келген айналымы қажетті деректерді есептейтін және оларды фискалдық деректер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D-СКАНЕРІН көмегімен ғана мүмкін болады. Бұл ретте, егер кәсіпкер жұмыста 2D-СКАНЕР пайдаланатын болса, онда жаңасын сатып алудың қажеті жоқ», — деп хабарлады Мемлекеттік кіріс комитетінде.
Таңбалау — бұл тауардағы өндіруші туралы толық ақпаратты, сериялық нөмірін және бұзудан қорғау кодын қамтитын арнайы шифрланған белгі. Ол DataMatrix кодын пайдалануға негізделген. Ол бірегей, қайталанбас және оны ұрлау мүмкін емес.
Бұл тауардың шынайы өндірушісінен сапа кепілдігін, тиісінше тұтынушының денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. DataMatrix темекінің әрбір қорабына салынады және ерекше «тіршілікке» ие, яғни түсірілген кескіннің 30% дейін зақымданған жағдайда код 2D-СКАНЕРМЕН оқуға қолжетімді болып қалады.