Қазақстанда өтемақы төленетіні туралы жалған хабарлама таратылуда: Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

Алаяқтар қазақстандықтарды арбауына түсіріп, ақшасын сыпырып алу үшін түрлі схемаларды пайдалануда. Бұл жолы олар әлеуметтік желіде мемлекеттен өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратуда.

«Қазақстандықтарға мемлекеттен ақшалай көмек берілетіні туралы жалған жарнама жарияланды», деп ескертеді Stopfake.kz мамандары. Олар мессенджерде жарияланымның астында жалған пікірлер жазылғанын айтып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жалған сайтына апарады, онда азаматтарды жеке деректерді, соның ішінде ЖСН, банк картасының нөмірін және сvv/CVC кодын жазуды сұрайды.

Бұл жалған жаңалықта азаматтарға 2020 жылдан бастап 2029 жылға дейінгі азаматтардың шығындарын, жұмыс тәжірибесі және сатып алу қабілетінен құралады делінген. Ресми мемлекеттік порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдары да өтемақы туралы хабарлаған жоқ.

Stopfake ақпаратты ресми дереккөздерден тексерудің маңызды екенін баса айтып, Еңбек министрлігінің ресми сайтында әрбір қазақстандыққа төленетін өтемақы туралы мұндай жаңалық жоқ екенін атап өтті. Олар құпия ақпаратты жалған сайттарда қалдырмауға шақырады.

 

Добавить комментарий