Қазақстанда тек отандық вакцинамен ревакциналайды

Қазақстанда ревакцинация Qazvac препаратымен жүргізіледі, ол барлық өңірлерде қолжетімді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, емхана шақырады ғой деп отырмау қажет.

Ревакцинацияны бірінші екпені алған емханадан немесе тіркелген жері бойынша салдырса болады.

«Елімізде QazVac вакцинасы қолжетімді. Егер мерзіміне сай келсе, өзіңіз-ақ келсеңіз болады. База бойынша нақтыланады», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ревакцинация алғашқы вакцинация курсы толық аяқталғаннан соң алты айдан кейін жүргізіледі.

Қазақстан аумағында үш және одан да көп уақыттан бері тұрып жатқан шетелдіктерді қоса алғанда, КВИ-ге қарсы екпенің екі компонентін салдырған адамдардың бәрі КВИ-ге ревакцинация жасатуы тиіс.

Добавить комментарий