Қазақстанда ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы арзандады.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 440 теңгеге сатып алуға болады
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы күрт арзандады. KASE биржасындағы орташа алынған бағам 433,39 теңгені құрайды.
KASE қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бір тәуліктің ішінде теңге долларға қатысты екі теңгеге арзандады. Таңертеңгісін доллардың орташа алынған бағамы 431,06 теңгені құраса, күндіз — 433,39 теңге болды.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда долларды 438-441 теңгеге, Алматыда 440-441 теңгеге сатып алуға болады.
Brent маркалы мұнай бағасының өсуі аясында теңге бағамыны құлдырауда. 2022 жылғы 22 ақпанда оның құны барреліне 99,38 долларға жетті. Соңғы рет Brent маркалы мұнай 2014 жылы 99 доллардан асқан.