Қазақстанда тас жолдарда жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылуда


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/05/speech-55185-1685474274-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстандағы республикалық тасжолдарда жүргізушілерді түнгі уақытта көлік шамдарынан қорғауға арналған инновациялық  арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылуда, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін жолшылар республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» және А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолдарының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ Күйік және Қордай асуларында 40 мыңға жуық арнайы жарықты шағылыстыратын пластиналарды орнатты.

Қондырғының басты артықшылығы — қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің шамдары жүргізушілерге кедергі келтірмейді. Мұндай шешім жүргізушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын айтарлықтай арттырады. Ұлттық компания осы инновациялық экрандарды орнатудың арқасында республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс барынша қауіпсіз болатынын атап өтті.

Алдағы уақытта дәл осындай арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар көлік қарқыны жоғары “Алматы-Қорғас” және Р-7 “Бурабай аумағы” күре жолдарында пайда болады. Бұл Қазақстандағы тасжолдарда көлік қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған қосымша іс-шара.

Добавить комментарий