Қазақстанда тас жолдарда жүру қауіпті: алыс сапардан бас тару кеңес берді

Қазақстанда 4-8 ақпан аралығында ауа райының қолайсыздығына, яғни қалың қар, бұрқасын, қар аралас жаңбыр мен көктайғаққа байланысты алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес береміз, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

«Жолға шыққан жағдайда, қауіпсіз маршрутты таңдау, жол ережелерін сақтау, қауіпсіз ара қашықтық пен жылдамдықты ұстану қажеттілігі сақтау, негізсіз маневр мен шұғыл тоқтауды болдырмау қажет. Автожолға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береміз», — деп хабарлады компания.

Кез-келген күрделі жағдайда 1403 қысқа нөміріне, сондай-ақ «102» және «112» нөміріндегі төтенше қызметке хабарласуға болады.

Добавить комментарий