23 қарашадағы таңертеңгі жағдай бойынша жедел штаб ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, коронавирустық инфекцияға 716 адам шалдыққан.
Елімізде барлығы 126 182 адам ауру жұқтырды.
Өңірлер бөлінісінде:
Шығыс Қазақстан облысы — 188;
Павлодар облысы — 98;
Солтүстік Қазақстан облысы — 96;
Қостанай облысы — 77;
Ақмола облысы — 61;
Алматы қаласы — 42;
Батыс Қазақстан облысы — 42;
Нұр-Сұлтан қаласы — 40;
Қарағанды облысы — 20;
Атырау облысы — 15;
Алматы облысы — 12;
Жамбыл облысы — 10;
Ақтөбе облысы — 8;
Шымкент қаласы — 2;
Маңғыстау облысы — 2;
Түркістан облысы — 2;
Қызылорда облысы — 1.
Осылайша, елімізде пандемия басталғалы бері коронавирусты жұқтырудың 126 182 жағдайы анықталып, 1,9 мыңнан астам адам қайтыс болды.