Қазақстанда ертең, 2022 жылғы 1 шілдеде тұман түсіп, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Синоптиктер Қазақстан бойынша 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады: елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күшейіп, тұман басады.
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады, 01 шілде күні шығыста, 02 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі және салқын ауа райы болажанады.
Болжамға сәйкес, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
Қызылорданың басым бөлігінде, Алматы, Абай облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, — деп қосты синоптиктер.