Қазақстанда төлқұжатты Электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады

Қазақстанда «Электрондық үкімет» порталында электрондық форматта төлқұжат пен жеке куәлік алуға өтініш беру мүмкіндігі туралы хабарланды.

Бұл функция Республика аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қосылған деп айтылды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін енді құжатты жаңа құжатқа ауыстырған жағдайда портал арқылы алуға болатындығы хабарланды.

Қалған жағдайларда қызмет тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ немесе уәкілетті органда көрсетіледі.

Қарағанды ҚК Михайлов полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Гүлсім Хамитова мемлекеттік қызметті онлайн алу үшін:

  1. Порталда тіркеліп, «Азаматтық, көші-қон және көшіп келу» бөліміне өту, одан әрі «ҚР төлқұжаты және жеке куәлігі» қойындысын таңдау және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімге фотосурет (фотосуретке қойылатын талаптар); қолтаңба үлгісі (қолтаңбаның скан-бейнесіне қойылатын талаптар).
  3. Қажет болған жағдайда қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж төленеді.
  4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлеу» батырмасын басу арқылы төлем жасалынады.
  5. Жеке кабинетте («Қызметті алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламаны оқыңыз.

Қызметті осылайша алуға тырысқан алматылықтар жүйе қолтаңбаны танымайтынын, бірнеше мәрте қайта суретке түсуге тура келетінін және нәтижесінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ХҚКО-да рәсімдеуге тура келетінін мәлімдеді. Көбі қызмет тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істейтінін айтты.

Добавить комментарий