Қапшағай: Жасырын саунада 8 жезөкше ұсталды

Саунада карантин кезінде жұмыс істеуге байланысты бұзушылықтардан басқа, жеңгетайлық фактісі анықталды.

Сауна Қапшағайдағы бір қабатты ғимаратта интимдік қызмет көрсеткен. Полицейлер жеңіл жүрісті қыздарды клиенттерге ұсынып отырған деген күдікпен 38 жастағы қазақстандық әйелді ұстады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Қапшағай полицейлері 4 сауна-притонының жұмысын тоқтатқан. Олар оқиға туралы толығырақ айтып берді. Мысалы, бір қабатты ғимараттардың бірінде карантинге тыйым салынған сауна ғана емес, сондай-ақ, жеңіл жүрісті қыздар да қызмет көрсеткен. Полицияның пайымдауынша, клиенттер мен жөзекшелер арасындағы жеңгетайлықпен 38 жастағы монша әкімшісі айналысқан. Тәртіп сақшылары рейд кезінде қылмыспен ұстап алған сәтте әйелден 20 мың теңге табылған, полиция мәліметінше, ол жеңгетайлық қызмет көрсеткені үшін алған. Енді ол қылмыстық жазаға тартылады. Одан бөлек полицейлер 

8 интимдік қызмет өкілін тапты. Олардың барлығы полицияға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада алматылық полицейлер карантиндік шектеулерді бұзған бильярд клубы мен жезөкшелері бар элиталық саунаны анықтаған болатын. Павлодарда тәртіп сақшылары жыныстық қызмет көрсету бойынша «бизнес» ашқан екі қызды жазалады. Олар өздерінің клиенттеріне массажист атын жамылып, өз клиенттерін веб-сайт арқылы іздеген, әр интим-қызметтің бағасын көрсете отырып, арнайы прайс-парақты жасаған.

Добавить комментарий