
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік аймақтың тұрғындарын, тағы бір салқындаушылық күтеді.
«Атлант ауасының суығымен қоректенетін Солтүстік антициклон, республика аумағы арқылы жылжи бастайды, бұл ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік аймақтарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Оңтүстік аймақтарда 4 маусымға дейін суық антициклонның жақындауы байқалады, бірақ мұнда аяз күтілмейді, дегенмен термометрлер күндіз 18-23 градусқа дейін төмендейді.