Қазақстанда сібір жасасының 7 жағдайы анықталды

Қазақстанда сібір жарасын жұқтырған жеті науқас медициналық мекемеге жүгінген.

Сібір жарасын жұқтырғандар Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарында анықталды.

Науқастардың барлығы жұқтырып, төрт тәулік өткеннен кейін ғана медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлердің айтуынша, сібір жарасын жұқтырудың басты себептері — ауру малды сою және жіліктеуде, оның еті мен терісін тасымалдау, сақтау.

Еске салайық, сібір жарасы — адамдар мен малда болатын жіті, аса қауіпті жұқпалы ауру.

Добавить комментарий