Қазақстанда сібір жарасы өршіп тұр

Қостанай облысында сібір жарасы өршіп тұр. Осыған байланысты осы індет таралып кетпеу үшін шаралар қабылданып жатыр.

«Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Приречное ауылында ірі қара малдардың сібір жарасына шалдығуына карантин енгізілсін», — делінген Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қаулысында.

Құжат 3 шілде күні шықты, бірақ нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде кештеу жарияланған.

Сібір жарасына барлық ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлар, сондай-ақ адамдар үшін аса қауіпті жұқпалы ауру, індетті жұқтырғаннан алғашқы күндері науқас қайтыс болуы мүмкін.

Добавить комментарий