Қазақстан Республикасында шыққанына 10 жылдан асқан автобустарды алғашқы тiркеуге тыйым салынады.
Осы жылдың 1 ақпанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулары енгізу туралы» Заңға қол қойды.
«Қазақстанда шыққанына 10 жылдан асқан автобустарды алғашқы заңмен тіркеуге тыйым салынады. Бұл норма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі және жүргізушінің орнынан басқа 8 орындықтан астам орны бар барлық автобусқа қатысты», — деді брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.
Осы Заң ағымдағы жылдың 13 ақпанында күшіне енеді. Заң Жол қозғалысы ережесінен жоғары екендігі, сәйкесінше полиция қызметкерлері ЖҚЕ нормалары бойынша құжаттарды талап етпейтіндігі атап өтілді.