Қазақстанда шетелдіктердің тегін медициналық көмек алуға құқығы бар аурулардың тізімі толықтырылды

Денсаулық сақтау министрі шетелдіктердің ҚР-да тегін медициналық көмек алуға құқығы бар қоршаған ортаға қауіпті аурулардың толық тізімін бекітті деп хабарлайды.

Қазақстанда шетелдіктерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қоршаған ортаға қауіпті аурулар тізіміне коронавирустық инфекция енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында айтылған.

Қауіпті аурулар тізіміне 23 ауру кіреді:

1. дифтерия;
2. қызылша;
3. қызамық;
4. көкжөтел;
5. жәншау;
6. жел шешегі;
7. эпидемиялық паротит;
8. А, В, С паратифтері;
9. полиомиелит;
10. менингококк инфекциясы;
11. тырысқақ;
12. іш сүзегі;
13. туберкулез (қақырық жағындысын туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиялауға жеткенге дейін бактерия бөлетін өкпе туберкулезі; туберкулездің жіті үдемелі формалары (менингит, милиарлық туберкулез) науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға жеткенге және туберкулездің микобактериясының болуына қақырық жағындысының екі мәрте конверсиясына жеткенге дейін);
14. психикалық, мінез-құлық бұзылулары (ауру);
15. сібір жарасының өкпе түрі;
16. оба;
17. геморрагиялық вирустық қызбалар;
18. сары қызба;
19. А, Е вирустық гепатиттері;
20. безгек;
21. вирустың жаңа түрінен туындаған адам тұмауы;
22. ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС);
23. коронавирустық инфекция.

Бұйрыққа сәйкес, коронавирусты жұқтырған немесе Денсаулық сақтау министрлігінің тізімінде бар басқа ауруға шалдыққан шетелдіктер Қазақстанда тегін медициналық көмек ала алады. Сондай-ақ, бұл бұйрық азаматтығы жоқ адамдарға және баспана сұрайтындарға да қатысты.

Бұйрықтың орындалуына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі жауапты болып тағайындалды.

Добавить комментарий