Қазақстанда шетелдік интернет компаниялар ҚҚС төлейтін болады

Мәжіліс бірінші оқылымда Қазақстан аумағында тауарлары мен қызметтерін сату үшін интернетті пайдаланатын шетелдік компанияларға салық төлеуді міндеттейтін еліміздің салық заңнамасына түзету енгізді.

Аталған шешім сәрсенбі күні пленарлық отырыста қабылданды. Жаңа заңнамалық норма Қазақстанда қолданушыларға қызмет көрсететін шетелдік интернет-дүкендер мен технологиялық компанияларға келесі жылдан бастап қосылған құн салығын төлеуді қарастырады.

Енгізілген түзетулердің бірі коммерциялық банктер мен төлем ұйымдарының уәкілетті органға жеке тұлғалар шетелдік компаниялардың пайдасына жүзеге асырған төлемдер мен аударымдар сомалары туралы ақпарат беруді көздейді. Әңгіме қазақстандықтар белсенді қолданатын Amazon, Apple, Google, Netflix сияқты интернет-алыптары туралы болып отыр.

«Интернеттегі алып-сату мөлшері жылдан жылға артып келеді, бірақ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар көбінесе пошта арқылы жеткізіледі және оған салық төленбей қалады. Сондықтан бұл мәселені реттеу үшін заңнамалық нормалар әзірленді», — деп мәлімдеді сәрсенбі күні журналистердің сұрақтарына жауап берген Қазақстанның қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев. Сұлтанғазиевтің айтуынша, қосылған құн салығын есептеу үшін компаниялар Қазақстанда тіркелуі тиіс. Қазақстанның заң талаптарын елемеген жағдайда компаниялардың ресурстардын бұғатталуы мүмкін.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде шетелдік интернет-дүкендерден тіркеулге өтініш келіп түсуде. Вице-министр ірі интернет-компаниялардың жағдайы не болады деген сұраққа жауап ретінде: «Оларға хат жібереміз. Барлық ірі компаниялар мұндай тәжірибеден хабардар, сондықтан олар мүдделілік танытуы керек».

Добавить комментарий