Қазақстанда шетелдік банктердің жобаларды қаржыландыруы қысқарды

Дүниежүзілік даму банкі Қазақстан Республикасындағы жобаларды қаржыландыруды қысқартты.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында халықаралық институттар ТМД-да жеке сектордағы инвестициялық жобаларға 5 млрд АҚШ долларын бөлді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға аз. 2020 жылы барлығы 144 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Іскерлік Қазақстан Finprom.kz. сілтеме жасап.

2020 жылдың төртінші тоқсанында қаржыландыру көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады — сол жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 2,4 есе және өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 1,7 есе көп. Төртінші тоқсанда сандық мәнде 50 жоба қаржыландырылды.

Оның ішінде инвестициялық жобалардың 31%-ы қаржы секторына, 21% ы көлік пен ТП, сондай-ақ өндіріс және қызмет көрсету секторына, 15%-ы телеком, 6%-ы энергетика, 4%-ы АӨК, 2%-ы муниципалдық инфрақұрылым саласына бөлінді.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ең көп қаржы бөлді: 2 млрд. АҚШ долл. немесе жалпы бөлінген қаражаттың 39,9%-ы. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АДБ) үштікке кірді. Алдыңғы үштік ТМД елдеріндегі барлық жобалардың төрттен үш бөлігін қаржыландырды.

ТМД елдерінің ішінде жобаларды қаржыландырудың 65,5%-ы Ресейге (1,2 млрд. АҚШ долл.), Украинаға (1,1 млрд. АҚШ долл.) және Қазақстанға юөлінді.

Қазақстанға 1 млрд АҚШ доллар инвестиция салынды — өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе аз. Төртінші тоқсанда ҚР-ны қаржыландыру көлемі 133,9 млн. АҚШ долларын құрады — сол жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 17,4% және өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 58,1%-ға аз.

Қазақстанда 2020 жылы 15 жоба қаржыландырылды. ЕҚДБ (604,6 млн. АҚШ долл.) және ЕАДБ (398,4 млн. АҚШ долл.).

Добавить комментарий