Қазақстанда үш ресейлік жоғары оқу орнының филиалдары ашылады

Қазақстан аумағында үш ресейлік университеттің – ММУ, МИФИ және МФТИ филлиалын ашу жоспарланып отырғаны белгілі болды. Келіссөздер жүріп жатыр.

Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан аумағында шетелдік үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәскеуде қазақстандық делегацияның: Мәскеу физика-техникалық институты; Ұлттық зерттеу ядролық университеті МИФИ; Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесті.

«Осы жоғары оқу орындарына барып, ынтымақтастық және елімізде Ресей университеттерінің филиалдарын ашу мәселелері бойынша келіссөздер жүргіздік.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде біздің стипендиаттарды Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға және тағылымдамадан өтуге жіберу жұмыстарын жандандыру жеке бағыт болады», — деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Добавить комментарий