Қазақстанда сары май бағасы өсуде

Өзінің өндіріс көлемі айтарлықтай өсуіне қарамастан, сары май бағасы өсуін жалғастыруда.

Хабарланғандай, Қазақстанда 2020 жылы сары май өндірісі рекордтық 30,1%-ға артып, 24,6 мың тоннаны құрады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-та жазды.

Сары май өндірісінің үштен екісі ҚР-ның үш өңіріне тиесілі. 8,6 мың тонна май өндірген Алматы көш бастап тұр. Одан кейін 3,8 мың тонна көлемімен Қостанай облысы (бір жылда 24,8%-ға өсім) тұр. Солтүстік Қазақстан облысы 3,7 мың тонна май өндіріп үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы алғанда, сары маймен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өте жоғары, өткен жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша отандық нарықта сатылған төрт келі майдың үшеуін қазақстандық май өндірушілер шығарған.

Бұл ретте, осы кезеңде отандық компаниялар өндірген өнім 26%-ға артса, импорт бірден 1,5 есеге өсті. Тиісінше, жалпы сұраныстағы жергілікті өндірістің үлесі (ішкі және сыртқы нарықтарда сату) бір жыл бұрынғы көрсеткішпен 80,2% салыстырғанда 77,5%-ды құрады.

Сары майдың бөлшек саудадағы бағасы еліміздің қалалары бойынша орта есеппен алтыншы жыл қатарынан өсуде. Соңғы жылы бұл көрсеткіш 13,2%-ға артып, 2021 жылдың қаңтар айында 2,7 мың теңгеге жетті.

Ең қымбат сары май Атырауда, оның бір келісі 3,2 мың теңге (+3,3%); кейін Нұр-Сұлтан мен Ақтау — 3,1 мың теңге. Қарағанды мен Алматыда сары майдың құны орташа есеппен 1 келі сары май — 3,1 мың теңгені құрайды.

ҚР-ның ірі қалалары арасында сары май Павлодарда бірден 30,8%-ға қымбаттады. Алматы (+29%) және Түркістанда (+22,8%) бағалар айтарлықтай өскен. Сары май тек Ақтау (22,4%-ға) және Өскеменде (1,9%-ға) арзандаған.

Добавить комментарий