Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде ресейлік рубльдің бағамы төмендеді. Сату бағамы 8 теңгеден аспайды.
KASE-тегі сауда-саттық қорытындысы бойынша рубль бағамы 8,65 теңге болды. Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде рубльді 7,2-7,3 теңгеден сатып алады, 7,7-7,8 теңгеден сатады. Бұл кешегі ақша айырбастау орындарында белгіленген бағамнан төмен. Елордада ресейлік валютаны сатудың орташа бағамы 7,57 теңгеге дейін төмендеді.
27 маусымда Ұлттық банк белгілеген рубльдің ресми бағамы 8,66 теңгені құрады.
Қазақстан айырбастау пункттері қауымдастығы айырбастау пункттерінде бағам сұраныс пен ұсынысқа сүйене отырып белгіленетінін түсіндірді: сұраныс болса — баға өседі, сұраныс болмаса — баға төмендейді.